Ұялы байланыс операторы халықаралық телефон қоңырауының тарифін төмендетті
15:35, 03 Маусым 2009
АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда GSM Қазақстан/ Kcell халықаралық телефон қоңырауының тарифін төмендететінін мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ТМД елдері, Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, БАӘ, Түркия, Үндістан мен Қытай мемлекеттеріне соғылатын телефон қоңырауының бағасы енді минутына 49 теңгеге дейін арзандамақ. Халықаралық қоңыраулардың жаңа бағамы жыл соңына дейін қолданылады. Онымен ұялы байланыс операторының абоненттері бүкіл халықаралық бағыттарының 99 пайызын құрайтын әлемнің 191 еліне қоңырау шала алатын болды. GSM Қазақстан/Kcell компаниясының Бас атқарушы директоры Вейсел Аралдың айтуынша, халықаралық сөйлесулер бағасының арзандатылуы адалдықты нығайту және дағдарыс жағдайында абоненттерді қолдауға бағытталып отыр. Жаңа тариф олардың алыс және жақын шет елдерде тұратын туыстарымен, достарымен еркін сөйлесуіне мүмкіндік береді деп жоспарлануда.