деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«USB-модемдерінің пайдаланушылары мобильді интернет-трафикті белсенді түрде қолданады. Сол себепті төмен бағалы трафиктің үлкен көлемдегі топтамалық ұсынысының енгізілуі орынды шешім деп ойлаймын. Абоненттің пайдаланылмаған трафик жойылады деп алаңдамауына болады, себебі кез-келген мөлшердегі топтаманы қосу арқылы пайдаланылмаған трафик келесі айға ауысады», дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің маркетинг бойынша директоры Айнұр Әбжанова. Оның айтуынша, жаңа топтамада 1Мб трафиктің бағасы 2,29 теңгеге дейін төмендетілген. Оған *222*1# бұйрығы және қосу пернесін басу арқылы қосылуға болады. Компания қазіргі таңда ұялы байланыстың GSM 900/1800 стандартында өз абоненттеріне фиксациялық телефон, Интернетке жоғары жылдамдықты қосылу және FTTB өткізу технологиясы бойынша мәліметтерді беру қызметін көрсетеді.