Енді бұл мобильді интернетті қолданушылар тәулігіне 25 теңгемен шектеусіз пайдалана алатын болды.
«Бұл қызмет Beeline абоненттеріне өз шығындарын еш қиындықсыз қадағалап, желі ішінде қанша уақыт отырғандарына еш алаңдамауларына мүмкіндік береді. Біз 3G - үшінші ұрпақ байланысын пайдаланатындар үшін аса қажетті деген сенімдеміз. Себебі мұнда мәліметтерді беру жылдамдығы жоғары», дейді «КаР-Тел» ЖШС маркетингтік директоры Айнұр Әбжанова. Оның айтуынша, «Opera Mini-мен лимитсіз серфинг» қызметінің ақысы 100 теңге. Аталмыш қызметті пайдалану үшін ұялы телефонда internet.beeline.kz. ену нүктесі күйге келтірілуі қажет. Құжаттарды немесе басқа да мобильді хабарламаларды қабылдап немесе көшіріп алу 1 Мбайт-қа 49 теңге, айналымы 10 Кбайт-қа дейін. Қызметті қосу үшін Opera Mini-дің 2.Х 3.Х, 4.Х немесе 5.Х мобильді нұсқасын m.opera.com-дан мобильді телефонға көшіріп, орнату керек. Сосын *146*1# санын терсе жеткілікті (*146*0# ажырату үшін). Абоненттің телефонына сәйкестігін www.opera.com . сайты арқылы білуге болады.
«Интернет-пакет» және лимитсіз Интернет-серфинг қызметтері қатар орнатылса, маңыздылық «Интернет-пакетке» беріледі. Сондықтан, аталмыш қызметтердің біреуін орнатқан абзал. Әрбір сессияны пайдаланған сайын Opera Mini абоненттің теңгерімінен (баланс) 10 кб ақысын алып отырады (егер Интернет-пакет қосылған болса, онда да 10 кб кетеді)
Оpera Mini - бұл Opera Software компаниясының кез келген телефонға орнатуға болатын мобильді браузердің жеңілдетілген түрі. Браузер сервердегі парақтардың мобильді құрылғыға жүктелгенше оның 90 пайызға дейін сығылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ WEB-парақтағы жылдамдықты көбейтіп, Интернет-трафикті пайдаланушылардың шығынын үнемдеуге мүмкіндік жасайды.