Ұялы байланыс операторы «SMS-көңіл күй» деп аталатын акция бастады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС-і Beeline желісі ішінде 3,5 теңгемен SMS-хабарлама жолдау мүмкіндігін ұсынатын «SMS-көңіл күй» акциясын енгізгенін мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«SMS - ұялы байланыстың ең жиі қолданылатын дыбыссыз қызметі. Бұл қызметті Beeline-ның белсенді абоненттерінің 70 пайызға жуығы пайдаланады. Ұсынылып отырған бұл акция олардың өз достары мен өзге де жақын адамдарымен 50 пайыздық үнемді жолмен өзара хабарламалар алмасудың тамаша мүмкіндігі», дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің маркетингтік директоры Айнұр Әбжанова. Оның айтуынша, «SMS-көңіл күй» акциясы алдын ала есеп айырысу жүйесі негізіндегі Beeline абоненттері үшін қол жетімді. Акцияға «Сенің стилің» мен «Хабарлама» тарифтік жоспарлары абоненттері қосыла алмайды. Егер де «SMS-көңіл күй» акциясына қосылған сәтте абоненттің SMS топтамасы қосылған болса алдымен SMS топтаманың хабарламалары, кейіннен акция бойынша жеңілдікті SMS-хабарламалар жұмсалады. «SMS-көңіл күй» акциясына қосылғаннан кейін қысқа қызмет көрсету нөмірлеріне, басқа ұялы операторлар желілеріне, сондай-ақ роумингте хабарламалар жолдау абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес есептеледі. Оның шарттары ақпанның 14-і мен 23-і күндері уақытша тоқтатылады. Акция жалпы наурыздың 5-іне дейін жарамды.