Ұялы байланыс операторы «Жаса - жарқын жандар бірлестігі» атты жаңа бағдарламасын енгізді

None
АЛМАТЫ. Қазанның  29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС  Қазақстанда дербес болып табылатын «Жаса - жарқын жандар бірлестігі» атты алдын ала есеп айырысу жүйесі абонеттеріне арналған ниеттестік және даму бағдарламасын енгізгенін мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Жаса деген сөз қазақ тілінде жасау, жасампаздақ, өмір сүрудеген мағыналарды білдіреді. Мұнын барлығы қауымдастықтың ең басты күші - даму мен тілдесу барысындағы қозғалысқа сай келеді. Біз өз абоненттерімізге тілдесудің  зор мүмкіндіктеріне, қосымша жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие болумен қатар, одан әрі жарқын, табысты және мақсаткер болудың орасан зор мүмкіндіктерін ұсынып отырмыз»,  дейді «КаР-Тел» ЖШС-ніңмаркетингтік  директоры Айнұр Әбжанова. Оның айтуынша, бұл жобаның басты ерекшелігі - абоненттер желі ішіндегі шығыс қоңыраулар үшін балдар жинақтап, оларды желі ішіндегі тегін минуттарға ауыстыру мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ бағдарлама ішінде өз деңгейін жоғарылатып артықшылықтар мен сөйлесуге жеңілдіктерді көптен ала алады.   Онда  *777# тегін бұйрығын теріп  қауымдастық мүшесі ретінде тіркелген Beeline абоненттеріне  сыйлық ретінде 100 балл беріледі. Бұған қосымша,  мынадай мүмкіндіктер жасалады. Бірінші,   абонентке күніне жинақталған әр 2 және 3 минут сөйлесудің әрбір минутына - 5 балл. Екінші,  күніне 1000 теңге және одан жоғары сомаға әрбір теңгерім толықтыру үшін  - 5 балл. Үшінші,  абоненттің туылған күні - 50 балл. Төртінші,  абоненттік тәжірибенің әрбір жылы үшін  500 балл береді.  Ал 500 балл жинақтаған қатысушы оларды желі ішіндегі 1 сағат тегін сөйлесуге айырбастай алады.