деп хабарлайды БҰҰ-ның Жаңалықтар орталығы.
Бұл шара әрбір телефон үшін жеке зарядтаушы құрылғы алудың қажеттілігін жояды. Оған қоса, стандарт энергия үнемдеуші жоба: ол парник газдарының қалдықтарын және шығарылуын қысқартуға мүмкіндік береді.
Электр байланысының халықаралық одағының негізі 1865 жылы Парижде Халықаралық телеграф одағы ретінде қаланған. 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына кірді. Аталмыш ұйымның қызмет аясына электр байланысы құралдарын дамытуға және оларды өнімді пайдалануға қолдау көрсету, дамушы елдерге электр байланысы саласы бойынша техникалық көмек көрсету кіреді.