Балқаш қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың орындалуына талдау жүргізді.
Конституцияның 28-бабына сәйкес әрбір азаматқа мүгедектігі бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі. Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға, оның ішінде үйде оқытуға жұмсалатын шығыстарының өтелуіне құқығы бар.
— Талдау барысында Балқаш қаласында үйде оқитын 38 мүгедек баланың 14-інің ата-анасы тиісті жәрдемақы алмайтыны анықталды. Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша мұндай өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды (айына 13 106 теңге), төлемдер тоқсан сайын жүргізіледі, — делінген хабарламада.
Не себеп болды
Заң бұзуға білім беру ұйымдарының ата-аналарды тиісті түрде хабардар етпеуі себеп болған.
— Талдау қорытындысы бойынша прокуратура Балқаш қаласының Білім бөлімне ұсыну енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде балаларға тиісті төлемдер тағайындалды. Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Сарыағашта мүгедектігі бар баланы еденде сүйреген қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.