«Биылғы жылы компания саясатында мобильді және сымды интернеттің тарифтік тақтасын жақсартқан айтарлықтай өзгерістер болды. Сымды интернеттің қолданыстағы тарифтік тақтасын жаңартқан соң, біз сыртқы ресуртарға шығатын жылдамдықты 70 Мбит/с-қа жеткізіп, Қазақстандағы ең жоғарғы болып саналатын жаңа рекордты орнаттық», - дейді «2Day Telecom» ЖШС-ның бас директоры Грибан Виктор.
Оның айтуынша, енді «Үйдегі интернет» қызметінің абоненттері сымды интернетті төмендегідей жылдамдықта пайдаланатын болады: бастапқы лимитсіз - жаңа жылдамдық 20 Мбит/с (алдыңғы жылдамдық 12 Мбит/с); танымал лимитсіз - жаңа жылдамдық 40 Мбит/с (алдыңғы жылдамдық 20 Мбит/с); классикалық лимитсіз - жаңа жылдамдық 60 Мбит/с (алдыңғы жылдамдық 30 Мбит/с); түнгі лимитсіз - жаңа жылдамдық 60 Мбит/с (алдыңғы жылдамдық 40 Мбит/с); SUPERVIP - жаңа жылдамдық 70 Мбит/с (алдыңғы жылдамдық 50 Мбит/с).
10:49, 10 Қыркүйек 2012
«Үйдегі интернеттің» жылдамдығы артты
АЛМАТЫ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - «КаР-Тел» мен «2Day Telecom» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері «Үйдегі интернет» қызметінің қолданыстағы 5 тариф жоспарының жылдамдығын ұлғайтты.