Сот материалдарына сәйкес, Ж. есімді азамат бір үйдің пәтерін жалдап, сол жерде заңсыз ойын бизнесін ашқан. Тергеу кезінде сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады.
«Сот үкімі бойынша Ж. Қылмыстық кодекстің 1-бабы, 307-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 500 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 134 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - делінген соттың ресми хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес, айыппұл төленбесе, әрбір 4 АЕК бір күнге түрмеге қамау шарасымен ауыстырылады. Бұл дегеніміз, Ж. айыппұлды төлемеген жағдайда 4 айға бас бостандығынан айырылады.