Мұнда қызмет бабымен үйлерді аралап жүрген өрт сөндірушілер шамамен 25 мыңға жуық ара тұратын ұяны тауып алып, таң-тамаша қалысты. Ал бұған дейін сол маңайда тұратын жұрт ағаштың бұтақтарында өріп жүрген 5 мыңға жуық араны қуып жіберген екен. Бірақ, олардың аналығын таппаған тұрғындар көмекке өрт сөндіру жасағын шақырыпты. Ара өсіргіш мамандардың айтуынша, жәндіктер үйдің қабырғасына 2 жылдан бері қоныстанған болып шықты. Олар мұнысымен қоймай, қабырғаның арасына бал жинастырып қойған, деп хабарлайды 24.kz espanarusa.com.-ға сілтеме жасап.
01:37, 14 Мамыр 2016
Үйдің қабырғасынан 25 мыңға жуық ара шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниядағы Алкала-де-Энарес қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасынан адам айтса сенгісіз «қазына» табылды.