Үйдің едені төмен түсіп, іргесі ажыраған: Түркістанда таңдаулы тұрғын үй кешені сынға қалды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Әлеуметтік желіде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын орналасқан көпқабатты үйдің сапасыз салынғанын айтқан тұрғынның видеосы тарады.
Фото: видеодан алынған скрин
Онда жаңадан сатып алған үйі күннен-күнге төмен қарай түсіп, іргелері ажырап, балконының есігі жабылмайтынын жеткізген тұрғын бұл маңайдан баспана сатып алмауға шақырған.
Фото: видеодан алынған скринФото: видеодан алынған скрин
Бұдан бұрын Түркістанда қоғамдық орындарды ластағандарға 210 млн теңгеге жуық айыппұл салынғанын жазған едік.
2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Республикалық, қалалық бірқатар басылымда қызмет еткен. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.