Жергілікті полиция сержанты Риса Мунроның сөзіне қарағанда, оларға кешкі сағат 18:00 кезінде аталмыш әйел телефон шалып, мысығы үйіне шағын қаптамадағы есірткіні алып келгеніне алаңдаулы екенін айтып берген.
Аталған қаптамадағы марихуанна есірткісі шамамен 100-150 долларға бағаланып отыр.
«Мысықтар үйге көбінесе құстардың, тышқандардың өлігін алып келеді, ал мұндай оқиғаға алғаш тап болып отырмыз», - дейді сержант.
Қазіргі кезде есірткі салынған қаптама зертханаға тапсырылып, оның нақты иесінің саусақ іздері тексерілуде.