Үйге қайтпай-ақ қойсам бола ма: Әке-шешесі ұрған 7 жасар қыз астана ауруханасында жатыр

Фото: Фото: Рixabay

Елордада жеті жасар жеткіншек үйінде таяқ жеп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Kazinform

Бұл хабарды ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook желісінде жеткізді. 

Оның айтуынша, кеше тез арада балалар ауруханасына баруға мәжбүр болған. 

«Қызды ата-анасы біраз уақыттан бері ұрып-соғып келген. Қазір 7 жасар оқушы ем алып жатыр. Ол „үйге қайтпай-ақ қойсам бола ма?“ деп сұрады», — дейді Динара Зәкиева. 

Қыздың денесіндегі жарақатты мектеп мұғалімдері байқап, тез кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторды шақырған. 

Отбасында тағы 6 бала бар. 

Фото: Facebook/Dinara Zakiyeva