«Қазіргі таңдағы ақпарат бойынша қорға 697 600 000 теңге түсті. Қаражат бірінші кезекте өрттен зардап шеккендерге бағытталады. Бүгін біз үйлері толық өртеніп кеткен 91 отбасыға алғашқы көмек ретінде 500 мың теңгеден беру туралы шешім қабылдадық. Ескертейін, бұл алғашқы және соңғы көмек болмайды. Зардап шеккендер қажетіне жарату үшін оларға ұсынылып жатқан бастапқы көмектің бірі. Қалған қаражат арнайы құрылған комиссияның шешіміне сәйкес бөленеді», - деді қордың өкілі.
Еске сала кетейік, кеше Гүлмира Амагелдіқызы қажеттіліктер өтелгеннен кейін артылатын ақша ауданды көгалдандыруға бағытталатынын мәлімдеген еді.