Үйін есірткі зертханасына айналдырған 29 жастағы алматылық ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық 29 жастағы азамат үйін есірткі зертханасына айналдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Медеу ауданындағы баубақша серіктестіктерінің бірінің тұрғын жайында болған. Ол синтетикалық есірткіні заңсыз сақтап, зертханалық жолмен өндірді және таратты деген күдікпен ұсталды.

«Оның үйінен ішінде ақшыл түсті ұнтақ заты бар целлофан пакеттері, ерекше иісі бар, құмыраға өсірілген жасыл өсімдіктің бұталары, сұйықтықтары бар ыдыстар, ұнтақты заттың қабаттарының температурасын өлшейтін пирометр, арнайы комбинезон табылды. Сондай-ақ, үй аумағынан ағаш конструкция – синтетикалық есірткі жасауға арналған тақтай, шикізатты араластыруға арналған темір араластырғыштары бар электрлі бұрғылар және т.б. табылды және тәркіленді. А.есімді азаматтың айтуынша, оның бұл кәсіпке келгеніне көп болған жоқ. Оған бұл істі интернет қосымша арқылы мефедрон психотроптық затын жасаудың ингредиенттері мен нұсқаулары бар сынама алғыштан бастау ұсынылған, мұны жасағаны үшін жомарт сыйақы уәде еткен. Қаскөй келіскен соң «жұмыс берушілер» оған қажетті шикізатты алу үшін координаттарды жіберген», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдікті тергеуде.



Фото: polisia.kz