11 және 12 жастағы ұл балалар Кербұлақ ауданындағы Шұбар ауылының тұрғындары болып шықты. Із-түзсіз жоғалғаннан кейін ата-аналары полицияға жүгінген. Екі жеткіншекті Кербұлақ ауданының ювеналды полициясының қызметкерлері тапты.
«Ата-аналарының сөзінше, балалардың бұған дейін мұндай әрекеті болмаған. Олар еш уақытта рұқсатсыз басқа жерге бармаған. Қазір балалар ата-аналарына қайтарылды»,- дейді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ облыстық полицейлердің мәліметінше, соңғы екі тәулік ішінде із-түссіз жоғалған 20 адамның мекенжайы анықталған. Олардың 8-і жеткіншектер.