ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданының тұрғыны үйінің маңында өскен жабайы қарасораны жұлып алған. Содан кейін оны кептіріп, қорапқа салып үйінің шатырында заңсыз сақтаған.
Аудандық сот 38 жастағы ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп тапты.
«Сот үкімімен айыпталушы 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Қазір ол пробация қызметінде тіркеуде тұр. Енді ер адам бір ай бойы ауылдарды абаттандырумен айналысатын ұйымдардың бірінде жұмыс істейді», - деді Ұлан аудандық пробация қызметінің бастығы Жанболат Кеңесханов.