24 жастағы Марио жалғыз тұрады және ұсақ қылмыстары үшін үйқамақта отыр.
Мереке қарсаңында ол үйінен қашып, Сан-Доменико түрмесіне барған.
Ол қысқы мерекені жалғыз өткізбес үшін тәртіп сақшыларынан жазасының қалған бөлігін түрмеде өтеуді сұраған.
Алайда Марионың өтініші қабылданбай, оны қайтадан үйқамаққа жіберді, деп жазады Corriere Della Sera газеті.
Бұған дейін Италияның Порденоне қаласында қаскүнемдер пәтер тонап, оның иесінен кешірім сұрап жазба қалдырған еді.
Қылмыскерлер тамақ алып жейтін ақшасы жоқ екенін жазған.