Ұйқыны ұзартуға болады...

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қышқыл шие шырыны ұйықтататын дәріні алмастыра алады, дейді мамандар. Ол үшін шырынды таңертең және кешке ішкен абзал. Екі апта бойы осындай режимде ішу ұйқысыздықпен ауыратын қарт адамдардың 90 минутқа дейін ұйқыларын ұзартуға болады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Мамандардың пікіріне қарағанда, шие шырыны арқылы ұйқыны қалыпты жағдайға келтіруге болады. Ұйықтататын дәріні жас адамдар ішкен дұрыс, ал қарт адамдарға бұндай дәріні ішу денсаулықтарына қауіпті. Шие шырынының артықшылығы - оның құрамында мелатониннің болуы, ол ұйқы мен сергектікті ретке келтіреді.