Бұл деректер американдық қатерлі ісік ауруларын зерттеу қауымдастығының жыл сайынғы конференциясында айтылды, деп хабарлайды Росбалт.
Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің зерттеушілері ұйқының бұзылуы қуық асты безінің және сүт бездері обырының туындауы мүмкіндігін жоғарлататынын жеткізді. Бұл деректер Америкадағы қатерлі ісікті зерттеу қауымдастығының жыл сайынғы конференциясында айтылды.
Зерттеуге ерікті түрде қатысушыларды бақылау 7 жылға - 2002 жылдан бастап 2009 жылға дейін созылған. 928 исландықтың 111-інен қуық асты безінің обыры табылса, 24 еріктінің ауруы өмірге қауіп төндіретін сипат алған.
Түнде ұйықтамайтын әйелдер де обыр дертіне ұшырауға бейім болады екен - нәзік жандар қауымының сүт безі обырымен сырқаттану ықтималдығы зор.
Бұл заңдылық ұйқының бұзылуы салдарынан адам ұйықтаған кезде оның ағзасында өндірілетін «түнгі гормон» - мелатонин деңгейінің төмендеуімен түсіндіріледі. Егер мелатонин деңгейі жоғары болатын болса, қауіпті ісік ауруларының туындау қатері кемиді екен.