Қалалық жерлерде 80 мың неке (66,2%), ауылдық жерлерде 40,8 мың неке (33,8%) тіркелді.
Некелесудің жалпы коэффициенті — 6,07 (1000 адамға шаққанда)
Өңірлер арасында Астана қаласының тұрғындары көп некелескен, 1000 адамға шаққандағы кэффициент — 7,46.
Отбасын құрғандардың ішінде бірінші рет некеге тұрған ерлердің үлесі — 78,2%, әйелдерде — 79,4%.
Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер үшін 27,8 жас, әйелдер үшін 25,2 жас болды.
Тіркелген некелердің 82,3% — моноэтникалық.
2022 жылмен салыстырғанда ажырасу саны 9,6% азайып, 40,2 мыңды құрады.
Қалалық жерлерде 29,4 мың ажырасу (73,1%), ауылдық жерлерде 10,8 мың ажырасу (26,9%) тіркелген.
Ажырасудың жалпы коэффициенті — 2,02 (1000 адамға шаққанда).
Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО-да — 1000 адамға шаққандағы коэффициент 3,14.
Неке ұзақтығы бойынша ажырасудың ең көп үлесі, яғни 34,9% 1-4 жыл отасқандар арасында тіркелген.