Үйлену тойына бара жатқан тікұшақ қателесіп түрмеге қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үйлену тойының қонақтары тиелген тікұшақ қателесіп Бангладештегі Кашимпур түрмесінің аумағына қонды.

Бұл жайлы жергілікті Dhaka Tribune басылымы жариялады.

Тұтқындардың  бірі қашуға дайындалды деп ойлаған күзетшілер дереу тікұшақты қоршауға алды. Олар ұшқыш пен үйлену тойы шарасына қатысушыларды тергеуге алып, оқиғаның мән-жайына қаныққан соң босатты.

Түрме өкілі заңбұзушылық болғанын мәлім етті. Тікұшақтың иесі Meghna Aviation компаниясы келеңсіз жағдай үшін кешірім сұрады.