Олар мінген тікұшақ Сан-Антонионың батыс жағында 135 шақырым қашықтықтағы Ювалде қалашығы маңында апатқа ұшыраған.
Ұлттық көлік қауіпсіздігі басқармасының тергеушісі Крэйг Хэтчтің айтуынша, тікұшақ әуеге көтерілген соң небәрі 5-10 минуттың ішінде құлаған.
Келеңсіз жағдайдың себебі әзірге белгісіз.
Тергеушілерге оқыс оқиға болған жерден адамдардың мәйіттерін және қираған тікұшақ қалдықтарын шығару қиындық тудырып отыр. Апатқа ұшыраған тікұшақ төбенің беткейінде, жолдан 6-7 шақырым қашықтықта жатыр.