Неке қию рәсімінен кейінгі салтанатты той кезінде корейлік рэпер PSY-ің «Gangnam Style» әнімен қолына Калашников автоматын ұстап билеп жүрген азамат абайсызда 3 адамды атып тастады. Бұл туралы шетелдік БАҚ-тар хабарлады.
Daily News басылымның жазуынша, қонақтардың бірі үйлену тойы отшашуы ретінде әуеге бірнеше мәрте оқ атпақ болған. Алайда ол абайсызда билеп жүрген топқа қарай автоматын қалай бағыттағанын білмей қалған. Оқиғаның толық мән-жайы белгісіз.