55 жастағы Энди Бойс пен 49-дағы Сьюзен Кэмпбелдің бірге тіршілік кешіп жатқанына 23 жыл болған. Осы атаулы күнге орай олар үйлену тойын өткізбекке ниеттенеді. Бұған Суререй графтығындағы (қазір Үлкен Лондон құрамында) 800 жылдық тарихы бар шіркеуді қолайлы көріп, алдын ала тапсырыс береді.
Бірақ, салтанатты шараға бірер ай қалғанда бұлардың арманы орындалмай қалу қаупі туындайды. Өйткені шіркеу тұтастай қоршалып, оның аумағына құрылыс материалдары тасыла бастаған.
Бойс пен Кэмпбелл қатты уайымдайды. Өйткені олар шіркеуді қоңырауымен қосып арендаға алған. Оның үстіне хордың қызметі бар, қыруар ақша алдын ала төленген. Той күнін кейін ауыстыруға тым кеш. Қайтпек керек. Бақытқа орай бұл тығырықтан шығудың жолы табылды.
Қонақтар күйеу мен қалыңдыққа қосылып ашық сары каска киді.
Ғашық жандардың пікірінше, олардың үйлену тойы таңдай қағарлықтай болмаған да шығар, бірақ жұрттың есінен көпке дейін шықпайтындығы рас.