Үйленуден бас тартқан беларусты шетелдіктер тұтқынға алған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Ыстық елдердің бірінде» үйленуден бас тартқан  беларусь азаматын жергілікті қыздың туыстары тұтқынға алған, деп хабарлайды Беларусь СІМ.

«23 шілде күні Беларусь дипломатиялық миссиясы ыстық елдердің бірінде үйленуден бас тартқан жергілікті қыздың қаруланған туыстары Беларусь азаматын тұтқынға алғаны туралы ақпарат алған», - делінген СІМ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.

Ведомствода атап өткендей, SMS арқылы «беларус жасырын түрде дипломатиялық миссияға нақты мекенжайын, ғимараттың жоспарын, қарулы адамдардың саны мен олардың ғимаратта орналасуын хабарлаған», деп жазды РИА Новости.

Арнайы операция нәтижесінде жергілікті полиция Беларусь азаматын босатып, ол отанына аман-есен оралды, - деді Беларусь СІМ.  

Фото: © Flickr / Paval Hadzinski