Үйінен қашып кеткен ресейлік бойжеткен көмек сұрады

АТЫРАУ. KAZINFORM – Ресейдегі Чешенстан Республикасының тұрғыны Эльза Солтаева үйінен қашып кеткен. Туыстарынан қорқатынын айтқан ол жұртшылықтан көмек сұрады.

Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Эльза Солтаеваны Атырау облысындағы Доссор кентінде полиция ұстағаны туралы видео жүктелді. 

Өзінің айтуынша, жасы – 24-те. Шешенстан Республикасындағы үйінен қашып кеткен. 

– Бізді Доссор кентінде полиция ұстады. Құжатымызды алып қойды, бермей жатыр. Кавказдағы қыздарға көмектесіп жүрген адам да ұсталды. Бізге көмек керек. Менің артымнан туысқандарым келе жатқанын білемін. Олар мені өлтіруі мүмкін, қорқамын, - дейді Эльза Солтаева. 

Осыған байланысты Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. 

– Полицияға Ресей Федерациясының азаматы, 2000 жылғы бойжеткеннің із-түзсіз жоғалғаны жөнінде хабар түсті. Осыған байланысты жоғалған азамат анықталып, Мақат аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру кезінде оның үйінен өз еркімен кеткені анықталды. Одан осыған байланысты түсініктемесі алынды. Кейін жіберілді, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір Эльза Солтаеваның қай бағытқа кеткені белгісіз. 

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық әйел егіз баласына күйеуі зорлық көрсеткен деп күдіктенетінін абарлаған болатынбыз