Үйректерді құтқармақ болған әйел екі адамның ажалына себепкер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада әйел абайсызда екі адамның өліміне себепкер болды. Сот төрт жыл бойы оның ісін қарап, ақыр соңында әйелді айыпты деп тапты, деп жазады Вести.ру.

Эмма Чорнобаж түнде көлігімен кетіп бара жатып жолдың үстімен өтіп бара жатқан үйректерді байқайды. Ол көлігін дәл жолдың үстіне тоқтатып қойып, үйректерге көмектесуге барады. Осы кезде мотоцикл мінген әкесі мен қызы түнде жолдың үстінде тұрған көлікті байқамай барып соқтығысады. Екеуі де оқиға орнында көз жұмған.

Сот Чорнобажды айыпты деп таныды. Шешім тамыз айында шығады, ол 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.