АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы хоккейден Данияда өтетін әлем чемпионатының ресми белгісіне үйректің балапаны таңдалып алынды, деп хабарлайды Халықаралық шайбалы хоккей федерацияс ы.
Чемпионат белгісін таңдап алуға шабыттандырған Ганс Христиан Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісі болды. «Ұсқынсыз үйректің» аққуға айналуы соңғы 15-20 жылдағы балалар хоккейінің дамып келе жатқандығын білдіреді.
Қазіргі уақытта үйректі таңдауға дауыс беріліп жатыр.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.