Астаналықтар эквилибристерді, Моңғолиядан келген гуттаперча қыздарды, Қытайдан келген бірегей ауа гимнастарын, Ресей және Қытайдың біртума цирк нөмірлерін тамашалай алады. Әлемнің ең үлкен аттракционында жаттықтырылған аюлар, құландар, таутайлақтар, уссуриялық жолбарыстар, көңілді клоундар мен тағы басқалары өнер көрсетеді.
05:26, 22 Маусым 2012
Үйретілген аюлар мен ауа гимнастары Қала күнінде астаналықтардың көңілін көтереді
АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Қала күнінде Астананың тұрғындары мен қонақтарын ұмытылмас цирк көрінісі күтуде. «Азия жаңғырығы» - бұл талантты әртістердің біртума акробатикалық трюктерін көрсететін шоу.