Ұйықтап жатқан ер адамды бөтелкелесі тірідей өртеп жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербордағы ауруханалардың бірінде қатты күйік шалған ер адам көз жұмды.

Ол Лиговский даңғылы бойындағы 212 үйдің жанынан табылған. Ауруханаға жеткізген кезде жағдайы өте ауыр болды: дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады. Полиция оны бөтелкелес досы өртеп жіберген деп санайды.

Қатігез қылмыскер мас досының тал түбінде ұйықтап қалғанын күткен де басынан аяғына дейін бензин құйып, өртеп жіберген. Қылмыскер тұтқындалды.