8-10 сағат сергек жүргеннен кейін адам шаршайды. Егер ол ұйықтауға жатпаса, онда оның ағзасы ұйқыны шақыратын мелатонинді белсенді бөле бастайды. Жүргізілген зерттеу барысында ғалымдар денсаулық үшін ең қауіпті энергия үнемдейтін жарық қолданылатын заттар ретінде жалпақ экранды теледидар, компьютер мониторы мен смартфондарды атап отыр.
00:05, 12 Қаңтар 2014
Ұйықтар алдында смартфонды қолдану ұйқысыздыққа алып келеді
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Белгілі бір мөлшердегі жарықтың толқындары бас миында мелатониннің бөлінуін жояды, яғни ұялы телефон немесе смартфонды ұйықтар алдында пайдалану ұйқысыздыққа әкеліп соғады, деп жазады «Газета.Ru» Гарвард медицина мектебінің мамандары жүргізген зерттеудің нәтижесіне сілтеме жасай отырып.