Ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды - Жамбыл облысы
«Шу-Мойынқұм өңіріндегі қылмыстық жағдайға әсер етіп отырған бұл топ ағымдағы жылдың шілде айында есепке алынған болатын, ал оның екі мүшесі бұзақылығы мен есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапқа тартылған еді. Топтың қызметі негізінен, есірткі трафигімен байланысты болған, ондай адамдар қазақстандық заңнаманың аясында жедел бақылауда болады», дейді Б.Құтбаев.
Полковниктің айтуынша, қазанның 23-інде Мойынқұм ауылында топ мүшелерінің арасында «өзара есеп айырысу» факті орын алған - жергілікті дәмханада болған мас төбелеске «жер бөлісу» себеп болған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі өлесі етіп соққыға жығылған, олардың денелері Мойынқұмнан 28 шақырымдай жерде, жолдың бойынан табылған. Тағы екі адам ауыр дене жарақатымен ауруханаға түскен.
«Мойынқұмдық ұйымдасқан қылмыстық топтың сегіз мүшесі қамауға алынды, қалғандарын да ұстау шаралары қабылдануда. Қамаудағылардың барлығы жауап беріп отыр, олардың екеуі қоғамға қауіпті. Мұндай «есеп айырысулар» қылмыс әлемінде жиі болып тұрады, бірақ бұл оқиға өзара қырылысқан тұтас бір қылмыстық топтың жойылуына тікелей себеп болып отыр», дейді полиция полковнигі.