«Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 50-ден астам қылмыстық іс тергелді. 39 қылмыстық іс сотқа бағытталды. Осы орайда көрсеткіштер жыл сайын тұрақты болып келеді. Сонымен қатар бұл көрсеткіш Ішкі істер министрлігі нәтижелері деңгейінде тұр, яғни олар сотқа 54 қылмыстық істі жолдады. Бұл ретте ұйымдасқан қылмыстық топтар экономикалық салаға орнықты түрде тұрақтағаны байқалады. Сондықтан да негізгі екпін ауыр әрі аса ауыр қылмыстарды анықтауға қойылып отыр», - деді Тілеу Жанғарашев «Атамекен» ҰКП жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, экономикалық тергеу қызметі жүргізетін сотқа дейінгі тергеу сапасы жақсарды. Сонымен қатар келтірілген залалды өндіріп алу 28 пайызға өсті.