Ұйымдасқан трансұлттық қылмыстар мен заңсыз көші-қон Кедендік одақ елдеріне мол қауіп тудырады - РФ ІІМ
Кедендік одақ сынды ауқымды міндеттерді жүзеге асыру барысында кейбір қиындықтардың туындайтындығын атап өткен ол «қиындық кез-келген уақытта, кез-келген орында, тіпті барлығы тұрақты жұмыс істеп тұрғанның өзінде де орын алуы мүмкін. Және де бұндай мүмкінді негативті құбылыс қылмыстық құрылымдардың құқыққа қарсы қызметтері болуы мүмкін. Ұйымдасқан топтар мен қылмыстық қауымдастық көшбасшылары орын алып жатқан процестерді зерделеп, жағдайдың өзгеруіне байланысты өздерінің іс-әрекет тәсілдерін дайындауы да құпия емес», деді.
Бұл орайда РФ Ішкі істер министрі құқық қорғау органдары қылмыстық әрекеттердің алдын алуда бір қадам алда жүруі керек деген ойын ортаға салды. Сонымен қатар үш елдің Ішкі істер министрліктері қызметінің тиімділігі бірлескен күш-жігерді шоғырландыру деңгейіне, олардың қызметінің бірізділігіне, жедел ақпараттануына, шұғыл әрекет етуіне тікелей байланысты екендігін баса айтты. Бұл орайда ол шешімдері орындалуға міндетті болып саналатын Кедендік одақ комиссиясының құқық қорғау органдарына берер көмегі мол екендігін де атап өтті.