Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада жасөсіпірім әпкесінің көлігіне отырғанын жеткізді. Кейін ол көлік айдауға Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев рұқсат берген айтты.
Қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік мамандандырылған айыптұрағына қойылды», — деп түсіндірді Алматы қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.