Ұзақ мерзімге сақталатын сұйық сүт өнімдерін тұтыну арта түспек
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тікелей желіде өткен мәжілісті әлемнің 70-тен астам елінің «Тетра Пак» компанияларының басшылары мен қызметкерлері қарап, өз тараптарынан сұрақтар қойып жатты.
Шара барысында бүгінгі күнгі «Тетра Пак» сүт өнімдерінің нарықтағы көрсеткіштері, әлемдік сүт өнімін шығару өнеркәсібінің жаңалықтары, сандары мен үрдістері көрсетілді. Сонымен қатар ұзақ мерзімге сақталатын сүт пен басқа да сұйық сүт өнімдерін пайдаланудың артуы жайлы болжам жасалды. Бұл көрсеткіш дамыған нарықтарда 2008 бен 2009 жылдар арасында 0,6 пайызды құраған.
«Дағдарыс өндірістің көптеген салаларына әсер еткенімен, сүт пен сұйық сүт өнімдерін пайдалануға көп әсер ете алмады», дейді Д.Йонссон. Оның айтуынша, сүт пайдалы да, құнарлы және салыстырмалы түрде арзан өнім болып табылады. Сондықтан оны халықтың 44% күнделікті ішіп тұрады. «Осы саладағы тұтынушы сұранысы біршама арзан өнімдерге қарай ауысқанына қарамастан жалпы нарық тұрақты болып қалуда», дейді ол.
Сондай-ақ ол 2009 жылдың аяғында әлем бойынша сұйық сүт өнімдерін пайдалану шамамен 263 млрд. литрге жетеді деп болжауда, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 259 млрд. литрді құраған.