Ұзақ ұйқы алжасудың белгісі болуы мүмкін

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Егер қарт адам күндіз жиі, түнде ұзақ ұйықтайтын болса, демек, бұл адамда деменция белгілерінің дами бастағаны.

Францияның денсаулық сақтау ұлттық институты мамандары 5000 адамның денсаулығын тексеріп, осындай қорытындыға келді.

Клодин Берр бастаған зерттеу­шілер жасы 65-тен асқан қария­лар­ды бақылауға алған. Олардың бестен бірінің шамадан тыс ұйық­тайтыны анықталды және дәл осы топ интеллектуалды тестілеуден өте алмаған. Ал аз ұйықтайтын, сер­гек жүретін қарияларда алжасу белгі­лері байқалмаған. «Демек, ұйқы­ның сапасы адамның ақыл-ой мүмкіндіктерінің нашар­лауы­ның көрінісі бола алады», - дейді мамандар. Бұл пікірді америкалық дәрігерлер де қуаттап отыр. Бір кездері медбике болып жұмыс істеген 15 мың әйелді тестілеуден өткізудің нәтижесінде көп ұйық­тайтын адамдардың Альц­геймер ауруына бейім болатыны рас­талды, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.