Бұл бәсекеде 40-тан астам, оның ішінде бодибилдинг, пауэрлифтинг, стронгмэн, ауыр атлетика және жекпе-жек өнерінің алуан түрі жұртшылық назарына ұсынылды.
Дәстүрлі түрде өтетін іс-шараның ұйымдастырушысы - белгілі спортшы-бодибилдер, киноактер, Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер. Ол үздік бодибилдер атағына ие болған Қазақстан тумасы, қазіргі уақытта Германияда тұратын Деннис Вульфті жеңісімен құттықтады.