Үздік былғары қолғап шеберлері Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің шаршы алаңында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің 61993 әскери бөлімінің базасында бокстан 7-ші чемпионаттың ақтық жекпе-жегі болып өтті. 56 мен 91 келі және одан жоғары 8 салмақтағы 80 армияшы спортшыларының ішінен ең мықтылары үздік былғары қолғап шебері деген атақ үшін күресті.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, боксшылардың шеберліктеріне жоғары санатты төрешілер баға берді. Олардың шешімімен жалпыкомандалық есепте 61993 әскери бөлімінің командасы жеңіс тұғырынан көрінді, екінші орынды 32363 әскери бөлімінің жауынгерлері қанжығаларына байласа, үшінші орын 18404 әскери бөлімінің боксшыларына бұйырды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің дәрежелі спортшылары турнирдің қадірменді қонақтары болды. Олардың ішінде, әскери қызметшілер арасындағы 2015 жылдың әлем чемпиондары Елдос Сартқұлов пен Асланбек Шымбергенов және әскери қызметшілер арасындағы 2014-2015 жылдардағы чемпионат жүлдегері Қамшыбек Күнқабаев.
Осы күндері ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының VI Спартакиадасы шеңберінде армрестлингтен чемпионат өтті. Жалпыкомандалық есепте Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілері сайыс чемпиондары атанды. Екінші орынды 19132 әскери бөлімінің спортшылары иеленсе, үшінші орынды ҚР ҚМ Әскери полиция жасағы місе тұтты. Қазақстанның Қарулы Күштерінде бұқаралық және кәсіби тұрғыдағы спортпен шұғылдануға аса мән беріледі. Бүгінде ҚР Қорғаныс министрлігі спорт клубының 5 спортшысы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама иегерлері болып табылады. Сонымен бірге қазақстандық армия әскери қызметшілерінің жалпы дене даярлығын дамыту жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Осылайша, 2015 жылы тренажерлық зал мен жүзу хауызында сабақтардың саны ұлғайтылды, жеке жаттықтырулар енгізілді, жаңа жас ерекшелік топтары қосылды. Қазіргі уақытта ҚР ҚМ АОСК-ның әскери қызметшілері спорттың