АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының «Бесік» залында «Тәуелсіздік тірегің, егемендік елдігің» тақырыбындағы «Үздік сабақ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
Елорданың ресми сайтының мәдіметінше, іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған. Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларын және мұғалімдерді алғыс хаттармен Астана қаласының әкімі атынан қала әкімінің орынбасары А. Балаева мен Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Б.Мажағұлов марапаттайды.
Соңында байқауға қатысушыларға 15 аталым бойынша дипломдар мен бас жүлде - Гран-при тапсырылады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.