Үздік студенттерге ? гранттар мен несиелер

ӨСКЕМЕН. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Вита Викторова/ - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің 152 студенті қосымша білім гранттарының иегерлері атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін университетте студенттер комитеті мен кәсіподақ өкілдері, топ кураторлары, студенттер және олардың ата-аналарымен болған кездесуде университет ректоры Ғалым Мұтанов осы жайды хабарлады. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында техникалық, жаратылыс-ғылымы мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерді несиелеудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Альянс Банктің» филиалы мен университеттің арасында бас келісімге қол қойылып отыр. Бұл бүгінгі қаржылық дағдарыс жағдайында студенттерді әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды қадам.