Қос тарап ҰҚШҰ бірлескен штабы жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі бірқатар мәселелерді талқылады. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айына жоспарланып отырған Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына, әсіресе ұйымның әскери құрамдас бөлігіне ҰҚШҰ қатысушы-мемлекеттері баса назар аударатын болады, деді Николай Бордюжа.
Бүгінде ҰҚШҰ-ның назары жедел ден қою ұжымдық күштерінің дамуына аударылған. Заманауи жағдайда жиналған ішкі әлеуетті қазіргі таңда жиі кездесетін қалыпты жағдайларда ұтымды пайдалану керектігі ҰҚШҰ-ның басты бағыты саналады.
ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның әскери доктринасына сәйкес Қарулы күштерін жаңа заманауи қару-жарақ пен әскери техникамен қамтамасыз ету ісіне назар аударды. Қорғаныс министрлігі қолданыстағы әскери техникаларды жаңарту және жаңа әскери қару-жарақты сатып алу мәселесінде көптеген шетел мемлекеттерімен үлкен жұмыс атқаруда.
Кездесу соңында тараптар ҰҚШҰ аясында өзге де мәселелерді бірлесе отырып шешетіндіктеріне сенім білдірді.