«Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымындағы төрағалық Ресейге өтеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалықты қабылдауға байланысты РФ Президенті Владимир Путинді құттықтағым келеді», - деді Қырғызстан Президенті.
Сонымен қатар ол Ресейдің төрағалығы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шараларымен сәйкес келіп тұрғанын атап өтті.
«9 мамыр - біздің ортақ жеңісіміздің күні екені ешқандай күмән тудырмайды. Осы орайда біз ортақ тарихымызды ұмытпауымыз керек», - деді Сооронбай Жээнбеков.
Кезекті сессия 2020 жылы Ресей аумағында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Сессия жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян қатысып жатыр.