08:39, 09 Сәуір 2009
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ксенофобия көріністеріне мен нацизмді насихаттауға жол бермеу туралы мәлімдеме әзірледі
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінің Парламенттік Ассамблеясы беларус тарапының бастамашылығы бойынша, ксенофобия көріністері мен нацизмді насихаттауға жол бермеу туралы мәлімдеме әзірледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Беларус Республикасының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Игнатий Мисурагин сәрсенбі күні Ассамблеяның Тұрақты комиссиясының отырысында мәлім еткеніндей, «Балтық елдерінің бірқатар саяси қайраткерлерінің мәлімдемелерінде байқалып отырғандай, Ұлы Отан соғысының тарихын қайта жазуға деген үрдіс бізді алаңдатпай қоймайды. Бүгінде нацизмді жандандыру және олардың өкілдерін батыр етіп көрсету талпыныстары байқалуда. Ол идеялар жаңа буын өкілдерінің санасын уламауы үшін, біз ондай құбылыстарға жол бермеуіміз керек». ЕҚЫҰ-ның Вильнюста өтетін жазғы сессиясында бұл мәселе негізгілердің бірі болмақ. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сессиясында осындай мәлімдеме жасалғалы отыр.