Қытайдың Юньнань провинциясындағы Жуйли қаласының базарында әйел қымбат әшекейді қолына тағып көрмек болған кезде, оны қолынан түсіріп, үзіп алады. Сатушы білезектің бағасы 300 мың юань, яғни 40 мың АҚШ доллары тұратындығын айтқан кезде, әйел есінен танып қалған.
Есінен танған әйел біраз уақыттан кейін өзіне келіп, сатушымен бітімге келуге тырысып оған 70 мың юань ұсынған. Алайда сатушы бұған келісім бермей қойған. Тәуелсіз сарапшы үзілген білезікті 180 мың юаньға бағалады. Есінен танған әйел енді ол ақшаны сатушыға төлеуі тиіс.