«Ұзынағаш – Отар» жолы толығымен қайта жаңартылуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы мен Жамбыл облыстарын жалғайтын ұзындығы 96 шақырым республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Отар» автожолын қайта жаңарту жұмыстары үш учаскеде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Компанияныңмәліметінше, жобаның нәтижесінде тас жол І-ші «Б» техникалық санатқакелтіріліп, толық 4 жолақты күре жол болмақ

Қазіргі таңда 7 шақырым жол табаны төселіп, су өткізгіш құбырлар орнатылып,көпірлер салынып жатыр.
«Ұзынағаш-Отар»жобасын іске асыру барысында 2 асфальтбетон зауыты, 3-цементбетон зауыты және 3ұнтақтағыш қондырғы құрылды.
Жобаны жүзеге асыруға 1 200жұмысшы жұмылдырылған, оның 99% жергілікті мамандар. Жоба аясында жол бойындағыауылдардан 400-ге жуық адам жұмыспен қамтылып отыр.

Сонымен қатар,жолшыларды күнделікті тамақтандыруға қажетті азық-түлік жақындағы елді мекендерденалынды. Мысалы күніне 3 сиырдың еті, 60 литрге жуық сүт қажет. Бұлөз кезегінде аталмыш автожолдың бойындағы ауыл тұрғындарының әлеуметтікжағдайының жақсаруына септігін тигізуде.