Дәмді тағамның ұзындығы 1111 метрді құрады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Өткен демалыс күндері ҚХР ШҰАӨ-нің Шәуешек округі Эминь уезінде Ұлттық ас үйінің аптасы өтті. Шараның аясында көрермендердің назарына аспаздық туынды - ұзындығы бір шақырымнан асатын жылқы етінен жасалған шұжық ұсынылды. Оны дайындау үшін 5 тоннадан артық жылқы еті жұмсалды. Жергілікті аспаздар тағамды дайындау үшін 9 күн еңбектенді.
Шыңжаңда дайындалған деликатес әлемдегі ең ұзын жылқы шұжығы болып, Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді.