Ұзынсонар кезек: Түркістан облысында жанармай тапшылығы туындады

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Кейбір бекеттер бензин мен дизель отынын бірден қымбаттатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов өңірдегі жанармай тапшылығы Павлодар зауытының уақытша жөндеу жұмыстарына тоқтауына тікелей байланысты екенін айтты.

«Бүгінгі күні облысты жалғыз Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жанармаймен қамтамасыз етіп отыр. Бұған дейін арзан бағаны ұстау үшін жанармай темір жол арқылы Павлодардан және Шымкенттен тасымалданатын. Бүгінгі күні «ПетроҚазақстанның» вагондарында бензин жоқ. Үлкен жанармай сататын бекеттерге өз компаниялары тікелей жеткізіп жатыр. Ал, жеке жанармай бекеттерінің иелері жолдың ақылы болуына байланысты тасымалдауға қарсылық білдірді. Бұл - тікелей Энергетика министрлігінің жауапкершілігінде. Біз бұл туралы ақпаратты бердік. Келіссөз жүргізілді. «Шнос» компаниясы облыс үшін көбірек бензин беретін болды», - деді Рашид Аюпов.


Соңғы жаңалықтар