Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Панелді сессия отырысы 24 мамыр күні «Назарбаев Университетінде» «Медицина және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбымен өтеді.
Қатысушылардың арасында 2009 жылы химия бойынша Нобель сыйлығын алған Ада Йонат (Израль), физиология және медицина бойынша 1993 жылғы Нобель сыйлығының иегері, Шеффилд (Ұлыбритания) университетінің профессоры Ричард Джон Робертс, химия бойынша 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Окленд (АҚШ) ғылыми-зерттеу институты және балалар ауруханасының еңбек сіңірген ғылыми қызметкері Кэри Бенкс Муллис, Стокгольмдегі (Швеция) Корольдік Каролин медициналық институтының халықаралық денсаулық сақтау профессоры Ханс Рослинг, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бюросының денсаулық сақтау жүйесі және қоғамдық денсаулық бөлімінің директоры Ханс Клюге және басқалары бар.
Панельді сессияда онкологиялық көмек көрсетуді дамыту, азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін қалыптастыру, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы ғылымның рөлі, инвестициялар тарту және басқа мәселелер қозғалады.
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен фармацевтикалық компаниялар арасында меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.